Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  78


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Осы кеудем түбінде алып тынар...

Осы кеудем түбінде алып тынар,
Өмірімнің бетінде қалытқы бар.
Қалай ғана қиямын қара жерге,
Жүрегімді жерлеуге сауық құмар?
Қара мұңның кетем бе далдасында?
Тәнім қалсын, ал, жаным, самға шыңға.
Келіп түнеп жүрейін, мұрсат берші,
Қара өлеңнің қайнаған қамбасында.
Талай кездім көшені сенделіп мен,
Кінә артпаймын ешкімге пенделікпен.
Жасырынып жатпаймын жер астында,
Тасжарғандай тұрамын өрге біткен.
Кетіп жүрген кезі ғой сөзге есенің,
Әлі талай сынға мен кездесемін.
Өлеңінде – азамат, өмірде – арам,
Ақындардай емеспін, өзгешемін.
...Түбінде бір қу кеудем жанымды алар,
Өлең қалар лаулаған... шағыл қалар.
Көз жұмармын шағымда лапылдаған,
Егер мені сағынсаң, сағымға бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу