Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  91


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қапырық...

Қапырық...
Қызыл күн қыр асты.
Беймазамын,
Жаралы жүректі кеулейді, жейді азабым.
Адамдар – алауыз, мен де бір – сары ала қаз,
Көңілім құлазып, қомсынам кей жаз әнін.
Шерменде – шеркеуде, сұңқылым...
Шіліңгір шақ.
Қапамын тәңірім шаңқайға іліндірсе-ақ.
Таңғы шақ – шуақты шашатын,
Шын ғашықпын,
Қалардай көремін мәңгілік түнім құрсап.
Жібектей жүйкемді түтеді түйте тірлік,
Алжасып арандап, азаппен күй кетірдік.
Ақ сәуле таппайды саңылау құйылар бір,
Бітпейсің кедергі болатын өй, кесірлік.
Кетсем-ау шіркін-ай жоғалып, шағыл маңып,
Жан пенде жуымас Күн жақта бағым жанып.
Айналсам қызырға қара жер киесі боп,
Көре алмас, құр ғана сезінер қалың халық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу