Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  78


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес...

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес,
Желбуаз боп қу бедеу желіндемес.
Құрығымды қолға ұстап қалмайыншы,
Қиқулады құзғындар – тегін де емес.
Түйеқарын барады құйынға дос,
Тігер екен қай жерге биылға қос?
Сан-сапалақ сауалдар сандалады,
Ебелектей елпеңдеп миымда бос.
Мәстекінің тасыды мейманасы,
Адамзаттың сорлады кей баласы.
Пәруайсыз дөкірлер жінігеді,
Көкке сауды емшегін кейуанасы.
Бұлттан іздеп жылылық қара түнек,
Қара түнек әлемге баратын ек.
...Құбыламда – қан төгіс, ебімде – егес,
Қорқақтаймын орнымнан – кәрі әкім ек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу