Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  94


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Өмір сүргім келмейді – күңкіл... майдан...

Өмір сүргім келмейді – күңкіл... майдан,
Аяғыма оралды мың түрлі айлаң.
Туырылған өңезі қу тірліктің,
Өмір сүргің келеді құлқың қайдан?
Күннің өзі бірде – үлкен, бірде – кіші,
Ақ бас күріш, барсаңыз – күрмек іші.
Күнде ақылын айтады сарсаң етіп,
Ішіп-жемге мастанған кірме кісі.
Қитұрқысы сан қилы лағынеттің,
Жанбай жүр ғой опынған бағы көптің.
...Қара бояу ішінен ақтық іздеп,
Білсем-дағы жоқтығын тағы кеттім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу