Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  126


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Мұң кеулеп көздің шарасын...

Мұң кеулеп көздің шарасын,
Жеп жатыр мүжіп, жанды дерт.
Мәңгілік тұрмас бар асыл,
Өртеді кенет пәңгіп өрт.
Қуыс боп қалды жан сарай,
Пенде емес тіпті, томармын.
Селт етпес әсте тамшы-арай,
Азғындап кетсе оңар кім?
Сарқылған сана,
Аңғарар,
Жұрдай бот тындық талғамнан.
Өре де жоқ қой таңданар,
Жабайы мынау жалғаннан.
Қайғы-шер қалған жанарда,
Тамардай жерге мелмеңдеп.
...Миғұлау болған томарға,
Азғындық жүрді телмеңдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу