Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  77


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің...

Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің,
Арманыңды күл етті ең сенгенің.
Кірпігіңді қуалап жас тамады,
Жұбатам деп мен сені белсенбедім.
Өмір бізді айдады соқпағына,
Келіспеймін тағдырдың тоқтамына.
Аптабына араптың апталғанмын,
Жандыра алмас жанымды от та мына.
Іркілмедің, жасыңды тия алмадың,
Сығымдады миыңды қияндағы үн.
Азып-тозып, барасың аймен бірге,
Сенің балғын кезіңді қиялдадым.
Арман, арман... барлығы – аңыздай шын.
Жүйрік жылдар жалмауыз, жауымдайсың.
Бір тал жас боп үзілсем ел көзінен,
Көп көресің соны да тамызбайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу