Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  85


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы....

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы,
Шырға тартып аштырмай қарымымды.
Көздің жасын шыра етіп шүпілдетем,
Сағыныштан баса алмай сарығымды.
Сүлеленіп сана, ойым азғындады,
Алдамшы екен жап-жасыл жаздың бағы.
Жұлдыздарым көгімнен жоғалады,
Жарықты да көрмеймін, аз күн қалды.
Жалынымды жеп тындым лапылдаған,
Тауқыметің қоймады тақымдаған.
Өз қолымнан жібердім ардағымды,
Көрге кіру қалды тек батыл маған.
Қайрансызбын, дөкірлер мысты басты,
Қалтыратты үрейлі үн үсті-басты.
Жәбірейіл жанымда жүреді ылғи,
Іштірмейді жайменен түстік асты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу