Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  77


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жаңғырық сен де...

Жаңғырық сен де,
Найзағай сынды бір сәттік ғұмыр кешесің,
Елеңдеп қалар дегенмен бірақ, неше шың.
Тастарды жанап, шатқалға оқыс соғылып,
Көшесің...
Біртіндеп барып, өшесің...
Өшесің –
мәңгілік өліп кетесің,
Мөлшерлеп таудың жетесін.
Жалғанға мынау жағыпар,
Айтасың білем, кекесін.
Алмасқа сені теңедім,
Қапыдан ұрар тегі өлім.
Тауларды небір дүрліткен,
Жаңғырық болсам деп едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу