Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  106


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

САҒАБҮЙЕН

Бір саласы Ақсудың Сағабүйен,
Иілмеген басымды саған ием.
Ілиястай ағамды есіме алып,
Жапа-жалғыз мен тұрмын жағада иен.
Елти берем толассыз гүріліңе,
Селт етпедім даланың іңіріне.
Ізің басқан өзіңнің қалт-құлт етіп,
Шапағатың тие ме бір ініңе?
Құрбанысың сол өткен қанды күннің,
Сені ұстатып көркейіп, мандыды кім?
Сағабүйен – Ақсудың бір тармағы,
Мен – өзіңнің мысқалдай қалдығыңмын.
Бүйен суы тасиды жағаны ұрып,
Өзегім – өрт, қу ішім барады ұлып.
Қаратпас-ау, бұл өмір алды-артыма,
Бермей кеткен кезінде саған ырық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу