Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  133


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

БОЗЖОРҒА

Ахмет Байтұрсыновтың аруағына
Бозжорға, жорғаңа бас, алдыңда ел жоқ.
(Халық әнінен)
Бозжорға, жорғаңа бас төгiлдiрiп,
Жарасып алқымыңа өмiлдiрiк.
Көз жұмған мәпелеген иең сенiң,
Ен жайлап, epкін жүрген жерiңдi ұмыт.
Жұқпасын көсiлгенде шашаңа шаң,
Саған сын аяқты тең басамасаң.
Бозжорға, жорғаңа бас сүзiп тiзгiн,
Анау бiр қоңыр белден қашан асам?
Керемет сауырыңда құйысқаның,
Сен кердiң қу тipлiктiң ұйысқанын.
Әкемнiң сипалаған, сағындым-ау,
Жалыңның қасиеттi күміc талын.
Бiлемiн шемен-шердiң тарқамасын,
Әйткенмен өмірде әлi бар таласың.
...Сен жүрсiң өгейсiнiп жат қолында,
Болыпты шоқпыт-шоқпыт арқа-басың.
Қайғының құламаспын құрдымына,
Кетейiн дүбiрлетiп қырды мына.
Бозжорға, жорғаңа бас, бiрақ алда,
Әкем жоқ оралатын шылбырыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу