Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  74


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

ТҰТЫЛҒАН КҮН

Тал түсте күреңітіп, тұтылған күн,
Жер әлем алакеуім,
Құтымды алдың.
Жоғалды сүңгі-сәулең: дәрменсізсің,
Бақиға қоздаған шоқ, тұқылдандың.
Басыңа байланған-ау зала батпан,
Жүректен қасірет-қан жаман аққан.
Жиіркеніп кеткенің бе пенделіктен,
Екі аяқ хайуандар балалатқан.
Жасырдың жүзіңді бір жұрындардан,
Тәу етті көне көздер сырыңды алған.
Солардың бұзылмаған ниетіне,
Тез қайттың бетіңнен сен бұрынғы алған.
Алтын Күн – жанарысың жаратқанның,
Құдай да мұңаяды, қарап қалдым...
Қара емес, қарашығы қызыл қоңыр,
Түтікті Тәңір неге?
Сараптар кім?
Тал түсте күреңітіп, тұтылған күн,
...Зәр-запа, зәлімдіктер зықымды алдың.
Жүрегім алып-ұшқан асау еді,
Ығында жүреді ме шытынғанның?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу