Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  80


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің...

Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің,
Жалғанды басып өтерсің бәлкім қоншыңнан.
Тағдырдың шертіп жұмыр шекесін,
Ұрарсың аузын жандардың талай қомсынған.
Таусылмас салымың, ырық-күшің бар,
Айқайла тауға, құдірет – өзің, қаймықпа.
Төрт қарғаң өсер-ау – қырық кісің бар,
Таймайтын әсте қызығып жолдан байлыққа.
...Шуаққа тоймадың, зират – мекенің,
Үніңді тыңдап, мінәжат етіп табынам.
Алыстан сағынып, қирап жетемін,
Өртеніп-ісіп, жасымның ыстық табынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу