Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  1147


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Анама ұқсап барасың


 


Табиғаттың әр маусымы ерекше,


Ақ ұлпа қар қыс мезгілі бөлекше.


Сен дүниеге келген сол шақ ақпанда,


Сенің аппақ ниетің боп елестер.


    Ізгілік пен жақсылықта жарыстың,


    Қажымадың, жамандықпен алыстың.


Татулығын тілеп жүрдің қашанда,


    Жанашыр боп жақын тамыр таныстың.


Әулет үшін көштің тартып кемесін,


Қиындықта мойымастан келесің.


Қайратың мен бағындырдың өмірдің,


Сан алуан талай асу белесін.


Қамқорлығың бауыр үшін, мен үшін,


Демеу болған ақылымның кенісің.


    Үйретуші ең: ата-ананың разылығы -,


Өмірдегі барлық мынау жеңісің,


Өмірдегі барлық мынау жеңісің.  


Әділдіктің жолын әркез табасың,


Пейілің кең, дархандығың – даласың.


Көңіл түскен шақтарымда – дауасың,


Асыл әпкем, анама ұқсап барасың.


Зымырауда жылдар міне, ағылып,


Балалықты еске аламыз сағынып.


Ұрпағымыз өсіп жатыр, сан шүкір, (2- рет)


Аман жүрші сен қасымнан табылып.


Шуағыңмен қуаныштан жарылып.


 


әпке апке


 


әпке


 


 


Сөзін жазған Айтбек Әліпов,


Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозбақов.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Әділжан
Әділжан 19.06.2022 21:39
Керемет өлең

Пікір жазу