Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  242


Автор: Алмас Ахметбекұлы

Жыр жазылмай көктем өтті....

Жыр жазылмай көктем өтті,
жаз келді.
жайлау кездім жадырап.
Шабыт тұтар сөздерім жүр
əр кезгі
тасқа шыққан лақтардай
маңырап.
Сұңқар сезім бір жақсы өлең
Ұстайтын
Сияқтанды əзір-ақ.
Қалқиын деп
Ойларымның қаймағын
Қызыл тілді безедім.
Ат тұяғы тиген сазды былқылдақ.
Жасыл киіз жапқан-ау деп
Сеземін.
Бұл табиғат өлеңнен де əдемі
Өлең қане,
Келді сенің кезегің?
Жасыл киіз жапқан жонға,
бұйра бұлт,
Жамбастасаң, жамбаста.
Ашық тұрған мынау сəтті
сəл сақта –
Сөзіңді бер жаумасқа.
Төкпей-шашпай өрге таман аунай түс,
Тұғырың сол тау қасқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу