Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  218


Автор: Алмас Ахметбекұлы

БІР ӨЛЕҢНІҢ ДƏМЕСІ

Жазайын деп едім жасыл
бір өлең,
Қайбір кезде арнап жарқын көктемге:
Арнайын деп едім сəби
сөздерден.
Жаңа көктеп,
Қылтиған жас шөптерге.
Арнайын деп едім мұңлық бір əуен
Арып-шаршап құс байқұстар
жеткенге.
Сөз бояуын сан құбылтпақ болып ем,
Қара жерге күн сəулесін төккенге
Үлбіреген сөз ұстайын деп едім
Майда самал көктем гүлін өпкенде.
Көмейімді босатпады
сөздің өңшең кесегі.
Қиялымды матап жүрді
Қу тірліктің есебі.
Лайланды сезімдерім
мөп-мөлдір
Өз бояуын таба алмады,
сөзімнен,
Жеті түсті күн күлімдеп төккен нұр.
Қайран нəзік «Көктем жыр»
Жазылмады-ау, əттең, бір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу