Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  255


Автор: Алмас Ахметбекұлы

СҮЙГЕН СƏТТЕ

Сені қалай сүйгенімді айта алман,
Сен деп қалай күлгенімді айта алман.
Күллі арман ең қиял құсын қайтарған,
Қызғалдақ ең күн көзінде жайқалған.
Қайдан, қалай келеді деп күтпейтін,
Жүрегіңе шексіз қуат жүктейтін.
Махаббаттың дəмі қалар таңдайда,
Ғұмыр бақи тамсантатын, бітпейтін.
«Қашан, қалай өмір сүрдің демейін,
Көзің тұнып, не айтсаң да сенейін».
Сүйген сəттің жалғыз сөзі сол ғана,
«Сүйем сені» одан басқа не дейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу