Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  99


Автор: Алмас Ахметбекұлы

КҮЗДЕГІ ОЙ

Солғындап жасыл шалғын жапырақтар
Сар жонға тоқтамайды шашырап мал.
Көктемде ығып шыққан тау басынан,
Төмендеп түсіп келе жатыр ақ қар.
Аққу, қаздары жоқ қона жүзер,
Құлазып сəні кеткен қоғалы көл.
Бетіне қаймақшытып мұз қатырып,
Тынымсыз титықтатып соғады жел.
Барады түн ұзарып, күнді мұжып,
Келердей алғы күннен бір құбыжық.
Бұлттар да баян таппай шұбырады,
Күн сайын мың суынып, мың бүлініп.
Кездерде төбесінен күн аунаған,
Осылай түнереді мынау далам.
Түн ұзап, жаз кетті деп бұл өңірден,
Тырналар түстікке ауды тыраулаған.
Бұл жаққа келеді деп қыстық қауіп,
Кететін құс емеспін түстікке ауып,
Айналдым, туған дала топырағыңнан
жататын
аяз құрсап
ыстық қауып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу