Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  109


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ӨМІРДІН СОҢҒЫ БІР СƏТІ

(Ақын – Жеңіс Шəкенмен ақтық кездесу)
Жəудіреп тұрған жанары оттай жігітке,
Қандай көңіл-күй өлетін сəтті сезіну.
Қалмады сенім, үзіліп бітті үміт те
Қалғаны енді бұл дүниеден безіну.
Досымын жалғыз бұл дүниеде қалатын
Екеуміз үшін дəл қазір соңғы кезігу.
Ішімнен айтам
Көзімнен бəрін сезінер:
Досым-ай, қазір ең соңғы бір сəт
Бұл дүниеде кезігер
Ең соңғы мұрсат.
Бұл дүниеде сырласар
Өсиет айтып мұңдасар.
Досым-ай, сонша берік екен-ау дəтің де
Өлетініңді, сөнетініңді білесің
Өмірдің мынау өсиет айтар сəтінде
Жымиып жайсаң күлесің.
Қиыласың-ау,
Сəлден соң досым-шынарым,
Ақтық сөз айтпай
Таусылды менің шыдамым.
Ішімнен айтсам сол сөзді тағы қайтадан,
Аңғарды досым көзімнен бəрін байқаған.
Күле қарайды .
Тайдырдым олақ көзімді.
Білемін оны:
ойымда айтқан сөзімді,
Дегбірі кеткен сезімді,
Əз жаны əбден сезінді.
Дегендей маған;
Бір еді арман-мұратың,
Ақын едің ғой айтқызбай-ақ
Қас-қабағымнан ұғатын,
Кететін менде кейпімді бұзбай тұрғанда
Қалатын сенің таусылды неге қуатың?
Дейсің бе əлде:
шығара алмай даусыңды
«Шыдамың неге
Таусылды
Көзіңнен
Бəрін байқадым.
Шырағым жанып
Тірі тұрғанда өлімді қалай айтамын».
Дейсің бе əлде:
Айтарым қалды
Адамдарға мына жер басқан
Өмірден кетер кезінде жетті-ау,
Өмірді бастап болмастан.
Дыбыстар менен айта алмаймын мен
Жүректің соңғы лүпілін
Үкімді қалай күтуін».
Дейсіңбе əлде:
Соңғы сəттегі күлкімді бəрін сыйладың
Əз жандарыңды қинадым.
Əйтеуір мына өмірдің соңғы бір күнін
Жыласуға да
Өсиетке де,
Қоштасуға да қимадым.
Дейсің бе əлде:
«Адамдар сəтке,
Бөлмейді күнге тірлігін.
Сен ешқашанда сезіне алмайсың.
Өмірдің мұндай бір күнін».
Дегендей едің:
О, менін шалқар,
туған елім мен
Мекенім!
Сəлден сон сенім бəрінді тастап
Кетемін.
Құлағанда да, құрығанда да
Сүйеніш, үміт, сенерің
«Біткен осы» деп
Ажалыңа кеп
Мойынұсынба сен өзің.
Есіңде сақта аузына алу өлімін
Өлуден ауыр аянышты хал екенін».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу