Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  77


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ХАМИТҚА

Əн қалқытқан аспанда
желқабыз жез таңдайы,
Хамит өлең айтқанда
əншілердің маңдайы
Кеңдігіндей даусың бар
кең мекеннің, кең елдің.
Ол да ақбас тау шығар
генералы өнердің.
Азамат ең жанынан
Артық көрген намысын
Дара туған бағылан
Асқақтаған əн үшін.
Асқақ рух, тылсым үн,
құдіретіне батамын.
Тарғабатай бір шыңын
Хамит Ысқақ атадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу