Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  82


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ҚАЖЫҚҰМАРҒА

Қайсарлық жайлы өлеңді
қанжармен тасқа қашадым.
Өлеңнің атын мен енді
«Қажықұмар» деп атадым.
Сағыныш кернеп денемді,
ернімді тосып самалға,
ат қойдым бітпей өлеңді
Қажықұмар деп оған да.
Бетімнен сүйіп замана,
Қасырет жайлы жазбадым.
Оған да сенің, Қажы аға,
атыңды қоя жаздадым.
Қамалап сиқыр сырлы бір
жағаның дəмі бұйырмай,
мұхитта қалдың бір ғұмыр
шөлмекке салған диюдай.
Ұлтыңның рухы атандың.
Ақ тəнің алыс қалды əрі –
Шəуешек дейтін шахардың
Қалқалап жасыл талдары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу