Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  64


Автор: Алмас Ахметбекұлы

АБАЙҒА

Бүркітті, күнді туымды,
Абайдың туы десем мен.
Сөздерім айтқан бүгінгі
теңесер кеткен есеңмен.
Бетінен қайтқан ойыңды
бөлтірігіндей қасқырдың.
Қабаттап қалың томыңды
парақтарына жапсырдың.
Кешедей бассыз мойынмен
өткенде уақыт ұрланып,
жалғыз-ақ сенің ойыңмен
жанын сақтаған бұл халық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу