Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  87


Автор: Алмас Ахметбекұлы

БІР ƏН ӨЛЕҢ

Ермұрат, берші депсің бір əн өлең.
Бір сұлу сөз күттің-ау сірə менен.
Бір ауыз сөзің үшін ұсынар ем
төрт аяғын тең басқан құла дөнен.
Шырқайын дегенсің-ау, бір əн жазып.
Сыр болмас, сезгенге бұдан нəзік.
Əуенім өлеңіңе сəн беретін
өрілген қос бұрымдай бұлаң қағып.
Серім-ай, «бір əн сөзін берші» дедің
«Қасыма домбыра алып келші» дедім.
Кең далаң күн аялдап өтетұғын.
Əніңмен түгендеуші ең жер сілемін.
Келетін сен сұрасаң бір əн маған,
сəуледей таң бозында қылаңдаған.
Шығыстан көтерілер күн мен өлең
маужырап оянғанда ұлан далам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу