Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  81


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ШАБЫТ

Самғау қиял, сағым дала, самал жел,
жортқан аңдай жосылатын иен ой,
ұйқымды алып, ұйтқы сөзді маған бер
жетектеген тізбек-тізбек түйедей.
Махаббаттан жаралғанның бірі едім,
əр шумағым – үміт толы жанарым.
Əр шумағым – соғып тұрған жүрегім,
жақындай түс, өзің тыңда, қарағым.
Сəл-сəл ғана ашылғанда қарадым,
ысып тұрған еріндерің шиедей.
Сенің ернің үшін ғана жазамын,
Сыбырлама, сүйем десең, сүйе ғой.
Самғау қиял, сағым дала, самал жел,
жортқан аңдай жосылатын иен ой,
Ұйқымды алып, ұйтқы сөзді маған бер.
Сыбырлама, сүйем десең, сүйе ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу