Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  88


Автор: Алмас Ахметбекұлы

БІРЕР ӨЛЕҢ ЖАЗАРМЫН

Мына өмір бейне сенің жиының,
сөзің бітсе ел де тарап кетеді.
Əке-шешең тірлігінің қиығын,
саған жамап-жасқауменен өтеді.
Өткен жылы жазғытұра осында
біз көтерген мынау тұмса отауда
бір нəресте адамдардың қасына,
келе жатты өз ғұмырын жасауға.
Сонан бері бір сезіктің толғағы
мені бірер жыр жазуға зорлады.
Мен қаншама үңілсем де
өлеңім
уылжыған бөбегімдей болмады.
Сəбиімді көп аймалап байқадым,
иісі бар саз торпақтың, майсаның,
Уілдеп бір тербеткенде,
тербеніп,
Əлде кімнің бесік жырын айтамын.
Сəбиде бар əр қылықтың биімі,
демімде жүр жас əкенің мейірі.
– Ақын едің,
бөбекке тəн бір өлең
жазбадың, – деп
шешесі де кейіді.
Əкелікке мойынұсынған жас жаным,
жанып-күйіп талай өлең бастадым.
Кімге кінə тағар едің сонда сен
мен малтықсам ширыңда бақаның.
Əр пендеге тағдырдың бар сыйлары.
Зер болсайшы,сəбиге тəн келесі.
Соны болжау бұл жанымды қинады.
Ақын емес шығармын-ау мен осы!
Қазір менің қос қолыма сыйғаны
бесіктегі кіп-кішкентай денесі.
Өз көкейін жарып шыққан сəбиге,
Жыр арнамай өткен ақын болмаған.
Зəуеде, мен ақын болсам,
Əлі де
Айтқыза алмай жатыр ма екен ол маған?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу