Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  94


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ

Адамдық өмір –
уақыттың жалғыз белгісі,
ғаламның адам – уақытты сезген сорлысы.
«Дүние жалған»!
жалғанды білу шын дарын,
айтарға жеңіл, кісінің келмес сенгісі.
Оны айтпа, көңілім,
ойыншық болма зар мұңға,
Пəтуə барда
айласы тапшы ардың да.
Бірақ та жаным жасығандай-ақ жасиды,
үмітім сел боп, өткен күндердің алдында.
Осы мен бүгін бастайтын едім əлде не,
бір дұшпаныма сөз айтар едім кəрлене.
Бір досымменен сырласар едім емірене.
Бір асқақ өлең жазатын едім тебірене.
Арамтер көңіл, күтеміз бəрін алдан біз.
Келесі күннен жаулығын бұлғар арман қыз.
«Бақытым алда» демеуге сенің шамаң жоқ,
сол үшін жүрміз,
беу, уақыт,
бізді алданғыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу