Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  125


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ҚАБДЕШКЕ

Сол қолмен жағын сүйеп отыр Қабаң,
ойында кеткен есе,
өткен бақыт.
Төнеді ақ қағазға қара қалам,
саусақтың жақтауына кеткен батып.
Əредік самалы кеп келешектің,
қозғайды сықырлатып сыр есігін.
Бау-бағы қандай еді Шəуешектің,
Өзені қандай еді Сібетінің.
Бізден де өтіп еді қандай заман,
сол күнді кім бар еді тектегендей.
Мүлгиді Тарбағатай мұз құрсаған,
бұл маңға ешкім келіп-кетпегендей.
Еңсеңді ғасырлардың жүгі басып,
Күрсінбей өткен күнің,
бар ма, Ағатай?!
Беу, Қабдеш,
айтты деме асып-тасып,
сен таусың,
сенің атың – Тарбағатай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу