Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  67


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ҚОЛ ЖЕТУ – ҰМЫТУ

Адам, саған сезім деген алтынды
үйіп-төгіп бергенін-ай құдірет.
Алтыннан да қымбатырақ нарқыңды
базарладық, ал бір рет, бір рет.
Сезім менен арман болды бір ғана,
(Арман деген – сезімнің бір шын аты).
Қолға түсер шағында сен бұлдап ал,
қол жеткен соң жоғалады қуаты.
Еске алмайсың талай-талай арманды.
Уақытың жоқ сезінгенге, білгенге.
Соның бəрі бақытыңа айналды,
шалқыдың да, ұмыттың сен бір демде.
Ал, жаңалан, жазғытұрдай жастықпен.
Ағын сулар əуеніндей арыңда!
Адам, саған біткен сын сол ақ сүтпен
Ұмытшақсың
қайратыңның барында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу