Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  101


Автор: Алмас Ахметбекұлы

КӨШ, КӨШ, КӨШ!

(Мұстафа Өзтүрікке)
Ер жігіт ол өзін мықтап шыңаған.
Мықты болса сондай болар бір адам.
Бұлшық еттей бұйра-бұйра қайратын,
төрт мұхиттан, бес құрлықтан құраған.
Атажұртын аңсағанда сол жігіт
жүрек жасы көл болып,
жаныменен жылаған.
Жер дүниені шырайналып шабылып,
ен далаға тəңірідей табынып.
ол да жетті Отанына сағынып,
біз де жеттік сабылып.
Еркін Елі – əйгі болып əлемге,
Көктуымыз көкте желбірегенде.
Уақыт ана шексіз бақыт бергенде,
заман залым оң жамбасқа келгенде,
Қайратымен аңыз болған қайран ер,
ақылымен абыз болған қайран ер,
(өмір тағы қадамынан жаңылып),
қапияда сапар шекті мəңгілік,
Көк байрағын көкірегіне жамылып.
Уақыт солай, болмайтын іс болады,
Жанға бір сəт қайғы-уайым толады.
Бəріміз де бұл даланың иесі,
Бəріміз де бұл дүниенің қонағы.
Мынау дала біздің ғана даламыз,
талай жұлдыз жарқырайды тағы да,
талай гүлдер қапылыста солады.
Қазақ жері қайтқан құстың көшімен
қиқулаған қуанышқа толады.
Жан-жүрекке ұяласын күш болып,
Көктуыңның алтын зерлі жолағы.
Зар заманда Атажұрттан айырылып,
қан қылышы майрылып,
соға алмай бір қайрылып,
қапы кеткен бабаларым –
батырларым,
қош-қош-қош!
Сол батырдың əулеті,
енді ойланба,
Атажұртқа
көш, көш, көш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу