Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  108


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ЖАЙ ТОЛҒАУ

Кешеде
Тарихы мың жылдықтан сарқатын
Мəдениеттің мекені –
Бүгінде
Томдары тонналап тартатын
Əдебиеттің мекені –
Қабанбай батыр жауына найза бойлатқан,
Құрбанғажы шепте қарабас атын ойнатқан.
Əсет Найманбай əн салған
Демежан Бекзат тамсанған –
Əріпжан ақын хиссалар сомдаған
Қайрақбай күйші кеңес күй толғаған
Мауқара шешен мақамдар жаттаған
Мамырбек төре бəйгесін баптаған.
Жəкула боздақтың жаны көкке ұшқан
Қажығұмар қайсар қарысып от құшқан
Дубек Шалғынбай жастарына жар салған,
Шакен Елубай бақтарында əн салған,
Жүздеген ақыны халқына танылған
Қабдеш қаламгер бір ғұмыр сағынған.
Хамиттің дауысы аспанында дамылдаған,
Қайталанбас қасиеті бақтарында мамырлаған.
– Ойхой, туған жер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу