Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  77


Автор: Алмас Ахметбекұлы

КӨК БОЗ АТЫҢ КІСІНЕП

Əкем менің,
Көк боз атың кісінеп,
ер салулы, бос келіп жүр түсіме.
Рухың неге іздеді екен ұлыңды.
Көңілің толмай жүр ме, менің ісіме?
Батыр адам болғаныңды тұсыңда
бастадым-ау жаңа-жаңа түсіне.
Сөздеріңе, айналаңа топталып,
Қызығушы ед үлкендер де, кіші де.
Табынбап ең, жалынбап ең жатқа сен,
Ер кеудеңді бастырмап ең кісіге!
Əкем менің,
Алаңдама дейін мен!
Еркім – кемел.
Көңілім – өр.
Бойым кең!
Ақын бола бастадым-ау деп едім,
батырлық та еліктірді кейіннен.
Дəуір өтті өзің көрген «ұр да,жық».
алғы күнмен астасамын жыр жазып.
Жыр жаздым-ау,
бейқам күннің пендесі
жыр-пырыңа пысқырмайды –
бұл да жүк.
Оны қойшы, сыздатады жүректі
айтар кезде таппаған сөз бір нəзік.
Əкем менің,
өмірімнің жырысың.
Жігерімнің жылытатын күнісің.
топ ішінде ақ алмастай жарқылдап,
оңашада күрсініп ең кім үшін?
Сондағыңа ұқсағандай сезінем,
кей тұстары дірілдеген тынысым.
Əкем менің,
көк боз атың кісінеп,
ер салулы бос келіп жүр түсіме...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу