Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  76


Автор: Алмас Ахметбекұлы

СЕН ЖАЙЛЫ ӨЛЕҢ

Тез басып шықтым мінбеге,
қарайды көздер тізіліп.
Күле бір қарап еңкейдім
бетімде леп тұр қызымық.
Сен жайлы өлең оқыдым –
аты еді жырдың «Қыз үміт».
Өкпе мен наздың арасын
сөз еттім жұмсақ үзіліп.
Жыр бітті, кең зал дүр етті,
«Тағы да» деді қызығып.
Жабырқау жүзбен бір жанар
қарады үнсіз сүзіліп.
– Рас па? – деді бір ару,
жалындай жайнап көзінде от.
Алқады жұрт та бір шоғыр
«Адамдық нағыз сезім» деп.
Бетімнен сүйді бір ақын
«айта алмай жүрген сөзім» деп.
Сен үшін туған жыр еді
сүймедің неге өзің кеп!?
Ғұмырдың ол да тартуы –
келеміз қатар жұпталып,
Сен жайлы жырды алқады
тасташы ойдан жүкті алып!
Ел бізге өзін ұқсатты.
Көп елге біз де ұқсадық.
Осының өзі – жұбаныш.
Осының өзі – қуаныш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу