Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  72


Автор: Алмас Ахметбекұлы

БОСТАНДЫҚ ЖЫРЫ

Жас жырыңның жалынымен жар жүрегін шарпыдың.
Сұлулыққа қолың жетті, масаттандың балқыдың.
Мұнан гөрі мың еседей қымбат дедің сонда сен,
Ақын үшін азаттығы туып өскен халқының.
Тұнық сезім тұмалардың қайнап тұрған көзі еді.
Тынық сөзің ұйып тұрған сезімдердің өзі еді.
Əр ойыңның жымы жатып, ауысқанда кезегі
жаным менің еркіндікке шөлдегенін сезеді.
Сан құбылтып қиюлаған қиялының кезеңі –
«Бодан елдің бостандығы» деген жалғыз сөз еді.
Бағың жанып, бостандыққа қолың жетті деп бүгін,
көз жылатып көк жүзінде желбірейді Көктудың.
Қандастарың алыс елден отанына ағылып,
əйгілейді қалың елің Қазағыңның көптігін.
Жан шөлдеткен тəуелсіздік
бар қазақтың қолында.
«Қолға түскен алтындай-ақ»
нарқы қолды-ау оның да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу