Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  85


Автор: Алмас Ахметбекұлы

АҚЫНҒА СҮЮ

Ақынға сүю,
ақынға күю жүк емес,
сүйер де жанар,
жанғанда мəңгі түгемес.
Жүрегін саған ойыншық етіп ойнатып,
жайнаған гүлдей жанын ұсыну мұң емес.
Ғұмырың болса,
əр сəтін атқан таң етер.
Бұрымың болса,
əр талын асқақ əн етер.
Тамағын төсеп талықсып тұрған шағында
тағаты бітіп, тəтті бір көңіл дəметер.
Ақынға арман,
ақынға орман жалын жыр.
Кез болса ару сезінер нəрік жанын бір.
Қашықта болса,
сəт сайын оны сағындыр.
Қасыңда болса,
махаббат нұрға малындыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу