Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  312


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ТҰСАУКЕСЕР

Бірер жасқа толдың, міне, ұлым сен,
сездіресің адамдықтың əсерін.
Мықты жігіт болар-ау деп бүгін мен
ең алғашқы сөзін айтам əкенің:
Қайрат жалдап бұл мекенге жеткенде,
маңдайымнан жұлдызымдай жанғасын,
өзің үшін сыйындым мен өткенге:
Сұлтан Қасым!
Ақын Қасым!
Хан Қасым!
Мықты болса бір адам да татиды
бір өзгеріс əкелуге ғаламға.
Əкеңіздің ісі – өмір бақиғы
сондай мақсұт қою болар саған да.
Бірінші сөз:
Отаныңда тудың сен.
Текті кісі əкеңіз де, анаң да.
мықтылармен тұсауыңды кестім мен
сəтті күні Алматыда, алаңда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу