Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  96


Автор: Алмас Ахметбекұлы

СҮЙІНУ

«Сүйем» деген сөз жеңіл,
«Сүйген құлда шаршау жоқ»,
Өтіп жатыр бұл өмір
Сүйіну мен аңсау боп.
Бұлт ұйытар бұла күш,
Сезімдердің барлығы
Өкініш пен қуаныш,
Махаббаттың зар мұңы.
– Сүйем деген бір ауыз
Жүрегіңнің жарлығы.
Секем алғыш көзіңмен,
Қарай қалма мұңдана.
«Сүйем» деген сөзімнен
Басқа сөзді тыңдама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу