Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  46


Автор: Алмас Ахметбекұлы

МЕХНАТ

Жерімізде бар шалғын шөп
тауы бар, тасы қыналы.
Ертелі-кеш бұлттар кеп
қонып-ұшып тұрады.
Сұқтанбас пенде болмайды,
ағайын бар, жат та бар.
Күніне біздің жер жайлы
құжынап жатар хат-хабар.
Жүректе бар бір жармасу
киелі мекен хақында.
Өлеңін жерге ұқсату –
қиындау түсер ақынға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу