Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  75


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ЖҮРЕГІМ СЕНІ

Жүрегім, сені
төңіректейді неге мұң?
«Адамдар мен əсемдіктің арасын
жақындатамын» деп едің.
Ол екеуі бір-бірінен
барған сайын алыстады ма, шынында?
Тек соған деп барлық құштарлығыңды
Бағыштадың ба шығынға?
Қуғандай болдың-ау сен,
Су бетіндегі сағымды.
Қалжыратқаны сол шығар
сенің жаныңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу