Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  79


Автор: Серік Жетпісқалиев

Айтар, айтар...

Айтар, айтар,
Не демес көз көрмеген,
Ескек желдей
Еседі сөздер деген.
Өзің ғана жүректің түкпірінде,
Байқасам... әлі ештеңе өзгермеген.
Кімге еліктеп, елірдім неменеге,
Өтті уақыт, ендігім елене ме.
Өзіме -өзім оңаша күбірлеймін,
Неге деумен келемін. Неге, неге?..
Бір сен үшін, сен үшін, сенесің бе,
Төтеп бергім келеді көресінге!
...Өзіңе өзің себепсіз ор қазған соң,
Көрсеткенін тағдырдың көресін де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу