Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  71


Автор: Серік Жетпісқалиев

Өлеңімнен өткірлер сырымды алар....

Өлеңімнен өткірлер сырымды алар,
Көре алмаған кейбіреу қырын қарар.
Толқынында өнердің жүзгенімде,
Жандаймын немерем де, ұлым да бар.
Бағындырған биігім, шыңым да бар,
Ақылдылар көзімнің нұрын бағар.
Мен өткен соң, шақырған көктемдерге,
Ақ тұманға оранған жырым қалар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу