Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  176


Автор: Серік Жетпісқалиев

ӘТТЕҢ-АЙ!..

(Ерназарға)|
Кенелгенсің,талай озып, олжаға,
Аттанғансын талай алыс жолға да.
Оралмайсын енді мынау сапардан,
Ең қиыны сол ғана...
Көрсетуші ең дұшпанға да оң қабақ,
Кім батты екен, кімнен келді соңғы азап?
Қия алмастан, үзе алмастан үмітті,
Қала бердік жол қарап!..
Өліміңді айта алмаймыз қорғалап,
Біз едік қой, біз едік қой қорғамақ?!
Аңтарылып, аһ ұрамыз сан соғып,
Көздің жасы сорғалап!..
Дүниеңді ту етерміз қолда бар,
Аруағыңа дұға-сәлем жолданар.
Өзің...,өзің оралмайтын ортаға,
Ең қиыны сол ғана!..
Қажып жүрміз, құлақ тоспай өр үнге,
Көп айтамыз сенсіз өзің жөнінде.
Қобыз тартып отырмадың, әттең-ай,
Елуіңнің төрінде!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу