Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  67


Автор: Серік Жетпісқалиев

ТАҒЫ ТҰРА ЖӨНЕДІМ...

Жиғанымды тарата сап жәй, тегін,
Бәрін тастап кетіп қалсам қайтеді?
Сылтау қылып сағыныштың күйігін,
Туған жерге жетіп қалсам қайтеді?
Туған жердің өзі еңсемді көтерер,
Жігерімді қайта жанып етер ер.
Алдан шығып ата-баба аруағы,
Алыс-алыс ақ жолдарға жетелер.
Сағыныштан құса болып қажыдым,
\Тым сезімтал болғаным ба жазығым?!\
Жақсылыққа оқылса екен Ұлы Алла,
Маңдайыма өзің жазған жазуым!..
Уа, Жаратқан, салғаныңа көнемін,
Бір өзіңнен жәрдем сұрау қорегім.
Шоқ боп жанған сағыныштың оты өртеп,
Алау-далау тағы тұра жөнедім!..
Кейде осылай өріледі өлеңім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу