Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  160


Автор: Серік Жетпісқалиев

ҚҰРАН ҒАНА ҚҰТҚАРАДЫ ҚАЙҒЫДАН

Жермен жексен болғанымда қайғыдан,
Талай дендеп, бойлап барып айнығам..
Қызықтырмай дүниенің жарығы,
Безіп кеткем жылы-жұмсақ, жайлыдан.
Сұлулықтың сынып түсіп сыр-мәні,
Мезі қылып пенделердің тырбаңы,
Жалықтырады екен жардай жандардың,
Боп жүргені сұм нәпсінің құрбаны!
Әр кетеді екен әсем әннен де,
Құр сүлдерің,
әлден мейлі әлденбе.
Гүл, жиҺазға тіреп. сықап қойсаң да,
Көр сияқты көрінеді әр бөлмең!
Ұмытасың көктем барын. күз барын,
Селт етпейсің жыр оқыса жүз дарын.
Самал соқса жел боп қана көрінер,
Сезінерсін тек сұп-суық ызғарын.
Аласарып көк тіреген таулар да,
Жетім жұрттай селдірейді баулар да.
Мына өмірде тірі өліктей ілбисің,
Бір қызығың жоқтай болып дауларға.
Мұның бәрі сор қайғының әлегі,
Талайларды таптап, мүжіп келеді.
Қалай ғана алшаң басқан ағайын,
Дүниенің тарлығына сенеді.
Өмір-сынақ, мәңгі қалмас жандыдан,
Мұңға бөккен не күтеді алдынан?
Бар пендені , жүре-көре ұққаным


Құран ғана құтқарады қайғыдан!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу