Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  162


Автор: Серік Жетпісқалиев

АЙНАКӨЛ ЖАҒАСЫНДА

Тамыздың тәтті күні
Айнакөл жағасы еді.
Көңілім, шаттық үнім,
Таулармен талас еді.
Оқжетпес қиясында,
Қыран жүр қалықтаған.
Өзіңе құлаш ұрған,
Қарауға жалықпағам!..
Қайырмасы.
Төсінде Айнакөлдің,
Жолықтым өзіңменен.
Көктемді қайта көрдім,
Ғажап-ау, сезім деген.
Сөзім жоқ сенбегенге,
Жан бөлек сен дегенде.
Жұптастық қос аққудай,
Толқындар тербегенде.
Тамыздың тәтті кеші,
Аққайың тербеледі.
Жағада шаттық есіп,
Сенімен мен келемін.
Жұмбақтас жұмбақ күліп,
Біздерге қарағандай.
Пәк сезім үзген бе үміт,
Сені шын қалағандай.
Қайырмасы.
Тамыздың тәтті түні
Айнакөл жағасында...
Тағдырдың сәтті күні
Мәңгі есте қаласың да!..
Бурабай сәнің бөлек,
Ояттың от сезімді.
Шырқалды әнім бөлек ,
Сағынтып шат кезімді!..
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу