Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  136


Автор: Серік Жетпісқалиев

Тойға шашу

( Жұрын Алпыс пен Мәруарға)
Алпыс ағайым ақ жалаудайын желбіреп,
Мәруар тәтем Айнакөлдейін мөлдіреп.
Бір тойын бүгін өткізіп жатыр Көкшеде,
Ілиясжаным келіншек алып келді, деп!
Ұстанымы ерек, пікірі бөлек, ержүрек,
Тұр әні бүгін нұрланып жүзі елжіреп.
Алпыс ағайым, арқа да жарқа қуанды
Ілиясжаным келіншек алып келді,деп!
Еңбегін ерен, қадірлеп дүйім ел білед,
Жүр, әні, бүгін Айнакөлдейін мөлдіреп.
Мәруар тәтем тотыдай бүгін түрленді,
Ілиясжаным келіншек алып келді, деп .
Жарасып көңіл жақсы мен жақсы тең жүред,
Сабылып бүгін жақсы мен жайсаң келді көп.
Тебіренді Көкше Мәруар менен Алпыстың,
Ілиястары келіншек алып келді, деп!..
Сөзімді арнар созбайын әрі енді көп,
Жүрерсіз ақын өлеңін оқып берді деп.
Теңіздей мен де толқыдым аға, апамның,
Немерелері келіншек алып келді, деп!..
Қуандым мен де, Құдайым жөнін берді, деп,
Ағам мен апам тағы бір қызық көрді, деп.
Жүре бер аға, ақ жалаудайын желбіреп,
Жүре бер тәте, Айнакөлдейін мөлдіреп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу