Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  69


Автор: Серік Жетпісқалиев

АЛАҢ КӨП МЫНАУ ТІРЛІКТЕ

Алаң көп мұнау тірлікте,
Алдамшы дүние жетерлік.
Игізіп басты күндікке,
Нәпсінің құлы етерлік.
Қызық көп мынау өмірде,
Соңына түссең таусылмас.
Жетпестей уақыт бөлінген,
Жылдарда өңірін қаусырмас.
Ақыры жетіп жиекке,
Жөніңді айта алмай абдырап.
Өмірді өткізіп сый еткен,
Алып қашқандай арғымақ.
Мазмұнсыз тірлік тұрлаусыз,
Желге ұшып, пана бола алмай.
Пенде боп ізсіз, құндаусыз,
Ойыңа оң сөз оралмай.
Қорлық-ау, тұру бүгжеңдеп,
Мүсәпір болып, мүләйім.
Одан да сап-сау жүргенде,
Алладан рахым сұрайын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу