Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  75


Автор: Серік Жетпісқалиев

БҰЛДЫР-БҰЛДЫР БҰЛАҢДАҒАН ҒҰМЫР БҰЛ

Елтең-селтең, ертеңгісі бұлыңғыр,
Бұлдыр-бұлдыр бұлаңдаған ғұмыр бұл.
Бәз біреулер ат қып мініп Айыңды,
Енді біреу пана таппай ығып жүр.
Шешендердің ауызында құлып жүр,
Бір бейауыз сөздің бәрін бұзып жүр.
Біреу сеніп болашаққа мүлтіксіз,
Енді біреу көкке қарап ұлып жүр.
Болмас бүгін әз жаныңа тыным бір,
Біреу сөйлеп, біреу іштен тынып жүр.
Сергелдеңге түскен сенім сенделіп,
Армандардың ,әттең ,сағы сынып жүр.
Әнің- күлкі, мәнің- мазақ, жырың- құл,
Ұмтылғанның бәрі әдірә бұрынғы.
Бағдарыңның бағасы жоқ ешкімге
Бұлдыр-бұлдыр бұлаңдаған ғұмыр бұл...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу