Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  75


Автор: Серік Жетпісқалиев

БАТЫРМАЙЫН ДЕДІ МЕ ШЕРГЕ МЕНІ

Батырмайын деді ме, шерге мені,
Бұ жолғы егес онша дендемеді.
Асылы ақыл шіркін алда жүрсе,
Соқтыққанның талайын өңгереді!..
Қанша рет маңдай босқа терлемеді,
Қам көңіл не қисынға көнбеп еді.
Алқын-жұлқын өтеді күндер желдей,
Адамға ақыл екен ең керегі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу