Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  78


Автор: Серік Жетпісқалиев

ТАҒЫ ДА ӨТКЕЛ

Тағы кез болды,
Тағы тап келді қиын іс,
Өкініштерді еске алам жанып, күйіп іш.
Тізгіндеп тежеп ұстаймын жұқа жүйкені,
Көрінбейін деп кейігіш.
Тағы да бөгет,
Тағы да өткел, тағы асу,
Дағдару тағы,
Тыпыршу тағы, бал ашу.
Жүрсеңде түзу
Табады өзі іздеп кеп,
Керегі жоққа таласу!
Не болар тағы
Жақсы ма соңы, жаман ба,
Кез болды қайдан,
Қиындық қайран табанда?!
Теке тірестен
Мүжіліп мүлдем қалам ба,
Мол олжа әлде табам ба?...
Қажымайыншы,
Мойымайыншы қайтсе де,
Тізгін тартайын,
Додадан мынау «қайт» десе.
«Себепсіз салдар болмайды» дейді пәлсапа,
...Білерсің қайдан, бақытты етерін қай себеп?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу