Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  69


Автор: Серік Жетпісқалиев

АРПАЛЫСЫП КЕЛЕМІЗ ӨМІРМЕНЕН

Бірқалыпты, бірсарын өрілмеген,
Арпалысып келеміз өмірменен.
Біреулер жүр шақырып келтіре алмай,
Қызғанады біреулер төрін менен.
Арпалысып келеміз тіршілікпен,
Іс қиыспай шығады бір сілікпең!
Күнің үшін күлесің өп-өтірік,
Өтірікті тыңдайсың ми шіріткен!
Бір қуанып, бір кейіп, бір күйінген,
Кімге қадыр арытар бұл күйімнен.
Мұрға таппай жүргенде күйіп-пісіп,
Өлең келіп тартады бір бүйірден!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу