Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  109


Автор: Серік Жетпісқалиев

ӨМІРДЕ ҚЫЗЫҚ КӨП ҚОЙ ӨЛМЕГЕНГЕ

Жаяудың соңына еріп, шаң қалар ма,
Жаманға жаман десең, шамданар да.
Жаздым мен жыр дегенді ермекке емес,
Жазбауға мүлде шамам қалмағанда!
Жаздым жыр бойымды ыза кернегенде,
Жаздым жыр сүйгенді ұзақ көрмегенде.
Жаздым жыр қаза еңсені езген кезде,
Ақ Жайық толқынында тербегенде!
Жаздым жыр көңіл тарпаң көнбегенде,
Жаздым жыр үміт оты сөнбегенде.
Жаздым жыр қуанғанда, қайғырғанда,
Өмірде қызық көп қой, өлмегенге!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу